Андрей Малахов декреттік демалысқа кетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов бала күтіміне байланысты демалысқа кететіндігін мәлімдеді.

Малахов бұл туралы өзі редакторлық ететін  «StarHit» журналының сайтында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

«Өзім де мұны күткенім жоқ. Дегенмен, өткен аптаның басты жаңалығы менің декреттік демалысқа шығуым болып отыр», - деді Малахов.

«Төртінші баласы туғаннан кейін бала күтіміне байланысты 3 жылға демалыс алған Новосібір опера және балет театрының бас директоры Владимир Кехман сияқты демалысты ұзақ мерзімге алатындығым немесе өз сәбилерінің күтіміне біршама аз уақыт арнаған ханзада Уильямс пен Криштиану Роналду секілді қысқартылған нұсқа бойынша әрекет ететінім әзірге белгісіз», - деді тележүргізуші.

Андрей Малахов Бірінші арнаға 1992 жылы келді, содан бері әртүрлі бағдарламаларға сюжеттер мен мәтіндер дайындады. 2005 жылы эфирге «Пусть говорят» бағдарламасы шықты, ол әлі күнге дейін жалғасып келеді.