Андрей Назаров «Барыс» ХК бас бапкері болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубының Қамқорлық кеңесінің шешімімен Андрей Викторович Назаров «Барыс» ХК бас бапакері болып тағайындалды.

«Барыс» ХК баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл шешім оның «Барыс» клубымен және Қазақстан ұлттық құрамасымен өткен маусымдағы жемісті жұмысының нәтижелеріне негізделген.

«Барыс» ХК бас бапкері міндетін атқарған Евгений Геннадьевич Корешков командада қалып, жұмысын аға бапкер ретінде жалғастырады.