Андрей Шаянов Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - Қазақстан хоккей Федерациясының атқарушы комитеті шайбалы хоккейден ұлттық құраманың жаттықтырушы тобының жұмысын қанағаттанғысыз деп танып,

Андрей Шаяновты Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚХФ баспасөз қызметі.

«Жаңа жаттықтырушы штабы кезекті отырыста тағайындалатын болады, жоспарлап алсақ, 2010 жылдың қыркүйегінде. Бірақ жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып Василий Васильченко тағайындалды. Жастар құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Шимин болды», - делінген федерацияның берген хабарламасында.

Ал жасөспірімдер мен жастар құрамасының ойындарын атқарушы комитет жақсы деп бағалады.