Андрей Шевченко футболдан саясатқа кетті
12:45, 29 Шілде 2012
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Киевтің «Динамо» футбол командасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко Наталья Королевскаяның «Украина - Алға!» саяси партиясына кіретіндігін әрі Жоғары рада сайлауына қатысатындығын ресми қуаттады.
Бұл ақпаратты Н.Королевская партиясының баспасөз қызметі де растап отыр, деп хабарлады Утро. ру.
Басылымның ақпаратына қарағанда, партияның сайлау тізімінде спортшы екінші орында тұр. «Футболшы Андрей Шевченкоға «Украина - Алға!» партиясының сайлау тізіміне екінші орын ұсынылады», - деп хабарлады саяси ұйымдағы дереккөз.