АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық қақпашы Андрей Шутов Словакияның «Слован» хоккей командасына ауысты. Бұл жөнінде словакиялық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Биылғы маусымды Өскемен хоккей мектебінің түлегі елордалық «Барыс» командасы құрамында өткізді.
Қақпашы «Барыс» жүйесінде үш жылдан астам уақыт өткізді. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2000 минут ойын өткізді.
Андрей Шутов 1998 жылы 4 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 39 ойын өткізді.
Сондай-ақ ол биыл Чехияда өткен әлем чемпионатында 6 матчта мұзайдынға шықты.
«Слован» Словакияның тоғыз дүркін чемпионы атанған. Ұлттық чемпионатта соңғы рет 2021-2022 жылғы маусымда жеңіс тұғырына көтерілген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.