Android базасында қауіпті супервирус пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Android базасына арналған қосымшалардың ресми емес магазиндерінде жойылмайтын вирус түрі пайда болды. Бұл туралы мобильді құрылғыларды ақпараттық қорғаумен айналысатын Lookout компаниясының блогында хабарланды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зиянды вирус Facebook, WhatsApp, Twitter сияқты әлеуметтік желілердің қалыпты қосымшалары мен клиенттері түрінде ресми емес магазиндерге орналастырылады. Оларды кәдімгі бағдарламадан ажырату өте қиын. Орнатқан кезде вирус Android қорғанысын айналып өтеді де логин мен парольді қоса алғанда, пайдаланушының жеке ақпаратына қолжетімділік алады. Құрылғыға вирус кірген соң сөндіру мүмкін емес, оны жарнаманы қайта-қайта көрсеткені арқылы ғана білуге болады. Бұл ретте вирусты өз бетінше жою мүмкін болмай отыр. Lookout компаниясының мамандары құрылғыны тазалау үшін маманға жүгінген жөн деп санайды, ал тек қайта жүктеудің еш пайдасы жоқ немесе жаңа аппарат сатып алуға тура келеді.