Анджелина Джоли Сириядан бала асырап алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анджелина Джоли мен Брэд Питт алты баланы тәрбиелеп отыр. 39 жастағы актриса мен оның 51 жастағы жолдасы жетінші баланы - Сириядағы кішкентай қызды асырап алмақшы. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Асырап алу бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары басталып кетті. Жұптың Сириядан бала асырап ойы туындағанынан біраз уақыт өтті. Бірақ Анджелина Джолидің уақыты болмаған - жуырда актриса ота жасағанын мәлім етті. Операциядан кейін Анджелина жүкті болу мүмкіндігінен айырылды.

Джоли 2012 жылдан Сирияда 6 рет болған. Ол БҰҰ өкілі ретінде босқындардың лагерінде болған.

Джоли мен Питт алты баланы тәрбиелеп отыр: 13 жастағы Мэддокс, 11 жастағы Пакс, 10 жастағы қыздары Захара, 8 жасар қыздары Шило және 6 жасар егіз Вивьен мен Нокса.