Актриса Екатерина ІІ-нің өзінің фавориттерінің бірі Григорий Потемкинмен сүйіспеншілік қатынастарын баяндайтын британдық тарихшы Саймон Себаг-Монтефиореның (Simon Sebag Montefiore) кітабын экрандау құқығын сатып алды.
Фильмнің негізіне алынған «Ұлы Екатерина және Потемкин: императорлық роман» (Catherine The Great And Potemkin: The Imperial Love Affair) кітабы 2000 жылы алғаш рет шықты. Онда Потемкин мен Екатерина ІІ-нің бір-біріне жазысқан бес мыңға тарта сүйіспеншілік хаттарының мазмұны келтірілген.
«Анджелинаның менің шығармамды таңдағанына өте толқып отырмын, өйткені ол менің алғашқы кітабым және менің сүйікті жұмысым», - деді Себаг-Монтефиоре.
Джоли үшін бұл мәміленің қаншаға түскені хабарланбаған, алайда Daily Mail ақпаратына қарағанда, әңгіме бес орынды сан сомасы жөнінде болып отыр.
Сондай-ақ фильмде кімдер ойнайтыны және бұл тележоба немесе кинокартина бола ма, ол жағы да белгісіз.
Джоли көптеген киножұмыстардағы рөлдерімен танымал. Алайда соңғы кездері ол продюсерлік пен режиссерлік жұмыстарға бейіл танытып жүр.
Ұлы Екатерина Екінші, неміс кнәзінің қызы, Ресей империясын 1762 жылдан 1796 жылға дейін биледі. Ол билікке сарай төңкерісі арқылы келді, оның барысында күйеуі Петр ІІІ тақтан түсірілді. Ол билеп тұрған кезде Ресей империясы еуропалық ұлы державалар қатарына кірді деп саналады. Ол бұрынғы билеушілерден гөрі өй-өрісі кең, жаңалыққа құштар және сонымен бірге өктем билік иесі болған. Тарихшылар оның жиырмадан астам әсіресе, мемлекет қайраткерлерімен сүйіспеншілік дағуалары болғанын айтады. Оның фавориттерінің бірі Григорий Потемкин болды, кейбір ақпараттарға қарағанда онымен некелескен деген әңгіме де бар.