Анджелина Джолиді суретке түсірем деп, жұмысынан айырылды

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Мәскеудің Ritz Carlton мейманханасының қызметкерін голливуд актрисасы Анджелина Джолиді ұялы телефонына суретке түсірмек болғаны үшін жұмыстан шығарып жіберді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлайды.

Мәскеуге келердің алдында Джоли мейманхана ішінде қандай да бір сурет не бейне түсірілімнің болмауын талап еткен еді, деп нақтылайды Life News порталы. Актриса Ritz Carlton мейманханасында өзінің төрт баласымен тоқтады.

Джоли Ресей астанасына өзі басты рөлде ойнайтын «Солт» тыңшылар фильмінің тұсаукесеріне қатысуға келген екен. Премьералық көрсетілім өтетін «Октябрь» кинотетрынан бөлек, актриса ресейлік фотографтар алдында фотосессия өткізуді де жоспарлап отыр.