Еxit poll мәліметтері жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де жарияланды.
Польшаның Мемлекеттік сайлау комисиясы ресми нәтижелерді 13 шілде күні мәлім етпек.
Польшадағы президент сайлауы екі кезеңмен өтті. Алғашқысы 28 маусымда болды.
Елдегі ең жоғары лауазымға 11 кандидат үміткер болды. Екінші кезеңге солардың екеуі өтті - іс басындағы президент Анджей Дуда. Оны биліктегі - «Құқық және әділдік» партиясы қолдап отыр. Сондай-ақ «Азаматтық платформа» ірі оппозиялық партиясынан Варшава мэрі Рафал Тшасковский бар.