Ангела Меркель әлемнің ең беделді әйелі атанды

АСТАНА.  Тамыздың  20-сы. ҚазАқпарат  -  Германия  канцлері Ангела Меркель ханым  Forbes нұсқасы  бойынша әлемнің ең  беделді әйелдерінің    рейтингінде осымен төртінші  рет  көш бастап    отыр, деп  хабарлайды  «Эхо Москвы» радиостансасы.

Меркель,    Ресеймен    арада  сенімді серіктестік   қатынас орнатқаны,  «Солтүстік  ағым»  газ жобасын  ілгерілеткені,   «Опель»  концернінің үлесін сатып алу бәсекелестігінде Ресейді  қолдағаны  үшін  үлкен  беделге ие болып  отыр.   Былтыр да   Меркель  ханым   өз  шешімімен   зейнет  жасына  қатысты   мәселені  шешіп,    басқару  органдарындағы  гендерлік теңдікті    кеңейтіп,      жөргекпұл көлемін арттырып,   Forbes   тізімін   бастаған    болатын.

Айта кету керек, бұл тізімге  былтыр ресейлік «Базовый холдингтің» бас директоры,  қазақ қызы  Гүлжан Молдажанова  кіріп, 37-ші  орынға   табан тіреген болатын. Ресейлік «Базовый холдингтің» бас директоры Гүлжан Молдажанованы Батыс баспасөзі әлемдегі ең бай адамдардың бірі - «қалайы патшасы Олег Дерипасканың оң қолы» деп атап кеткен.