Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель жаңа жыл алдындағы халыққа жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
ГФР телеарналары 31 желтоқсанда көрсететін жолдауда кабинет басшысы мемлекет азаматтарын экономикалық қиындықтарды сабырлылықпен өткеруге шақырды. Саясаткердің пайымынша, Германияның өркендеуі бүкіл Еуроодақтың әл-ауқатына тәуелді. Сондай-ақ 2013 жылы сайлаудан кейін өз лауазымын сақтап қалуды жоспарлап отырған А.Меркель, өз кабинетінің қол жеткізген жетістіктеріне де тоқтала кетті. Үкімет басшысы атап өткеніндей, Германиядағы жұмыссыздық деңгейі 1990 жылдан бері ең аз көрсеткішке төмендеп, сәйкесінше, халықтың жұмыспен қамтылуы рекордтық шамаға дейін көтерілген.
«Бұл Германияда жүзмыңдаған отбасы өз келешегіне сенімді екендігін білдіреді», - деп есептейді А.Меркель. сонымен бірге, оның сөзіне қарағанда, 2013 жылы экономикалық жағдай 2012 жылмен салыстырғанда ауырлау болып, ЖІӨ өсу қарқыны баяулауы мүмкін.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ГФР-дің Қаржы министрі Вольфганг Шойбле дағдарыстың ең ауыр кезеңі өтіп кеткендігін мәлімдеген болатын. Алайда А.Меркель өзгеше пікір білдірді. Оның ойынша, еуроаймақтағы құдырау әлі 5 жылға созылуы бек мүмкін.