Ангела Меркельдің партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетті

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - ГФР канцлері Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық одағы партиясы Германияда өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті,

деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Алдын-ала  мәліметтер  бойынша,    Христиан-демократиялық  одағы    33,8 пайыз дауыс  алды,  ал оның  негізгі қарсыласы -  Германияның  Социал-демократиялық партиясы - 23 пайыз дауыс  алды.   Үшінші     орында  15 пайыз дауыспен   Еркін  демократиялық партиясы     тұр.  Ал   Солшылдар партиясы 12 пайыз,    Жасылдар одағы  - 10 пайыздай дауыс жинады.

Биылғы  сайлауда Германияның  Социал-демократиялық партиясы     өздерінің  қарсыласы саналатын  Христиан-демократиялық     одағынан 10 пайызға  кейін қалып,    үлкен жеңіліске   ұшырап  отыр.    2005   жылғы сайлауда,   Христиан-демократиялық  одақ жеңіске  жеткен кезде,   екі  блоктың арасындағы  айырмашылық небәрі 1 пайыз ғана болатын.