Канцлердің айтуынша, ГФР билігі босқындарға паналайтын орын дайындауды жеделдетіп, көмек үшін қосымша қаражат бөледі. Алайда, Германия бұл проблеманы жалғыз өзі шеше алмайтынын айтқан канцлер ЕО-ға мүше мемлекеттерді осындай шаралар қолдануға шақырды. Бұған дейін ГФР басшылығы босқындар мәселесіне 6 млрд. еуро бөлінетінін жариялаған. Жоспар бойынша елде шамамен 150 мың адамға арналған босқындар үшін жаңа лагерьлер салынады. Сондай-ақ, тілді меңгеру және мигранттарды біріктіру бағдарламаларына да қосымша қаражат бөлінбек. Қосымша қаржыландыру бағдарламасы полиция қызметкерлері санының да 3 мың адамға көбеюін қарастырып отыр.
22:40, 07 Қыркүйек 2015
Ангела Меркель мигранттардың тоқтаусыз келуі Германияны өзгертеді деп ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канцлер Ангела Меркель Еуропаға мигранттардың толассыз ағыны Германияны өзгертіп жіберетінін ескертті, деп жазады «ВВС» агенттігі.