АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Германия Канцлері Ангела Меркель өзінің сайлауалды науқанын ортағасырлық Зелигенштадт қаласында митингпен бастады.
ВВС-дің жазуынша, Меркель өзінің жақтастарын мемлекет сенімді қолда тұрғанын және Германияны дағдарыстың тауқыметінен алып өтіп, ұлттың бұдан ары қарай дамуын қамтамасыз етуге қауқарлы екенін сендіріп бақты.
Германиядағы жалпы сайлауға дейін 5 апта уақыт қалды. Меркельдің консервативті тобы оппозициялық Социал-демократиялық партияның алдында сенімді басымдыққа ие болуда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.