Бұған дейін Lufthansa пайдаланған А340 ұшақтары, саясаткерлердің қалауымен қайта жабдықталды. Жаңа салондарға жатын бөлмесі мен келіссөздер жүргізуге арналған бөлме қосылған. Қос ұшақ та зымырандардан сақтану жүйесімен жабдықталған. Үкіметтік жаңа А340 ұшақтары 142 жолаушы тасымалдай алады.
Енді, А340 бірнеше тестік сынақтардан өтуге тиіс. Жаңа борттың тұсаукесері мен алғашқы ресми әуе сапары ақпан айына жоспарланып отыр. Екінші А340 үкіметке келесі жылдың ортасында тапсырылуға тиіс.
2010 жылдың жазында билік екі А319 сатып алған. Үкіметтік ұшақтарды жаңарту бағдарламасы 2010 жылдың наурыз айынан бастап қолға алынған.