Ангела Меркель «Жыл әйелі» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы жұртшылық назарына «Жыл әйелі» рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Утро.ру. Оның қатысушылары - түрлі ел мен түрлі кәсіп өкілдеріне басылым реттік нөмірлерін бермей, оларды әліпби тәртібінде орналастыруды жөн көрген.

Бұл үздіктер тізімінде тек ГФР канцлері Ангела Меркель ерекше құрметке ие болды. «Жыл әйелі» атағы оған ресейлік ең атақты тұтқын Михаил Ходорковскийді босатуға қосқан үлесі үшін берілді.

Forbes обырдың даму қаупінен сүт бездерін алып тастау отасын жасатуға тәуекел еткен Голливуд әртісі Анджелина Джолиді атап өтті. Саяси белсенділік танытқан, милиция жасағына қарсы тұрып, өзін өзі өртеп жіберуге оқталған «Евровидение-2004» бәсекесінің жеңімпазы, украиндық әнші Руслана да рейтингтен тиісті орнын иеленді. Сондай-ақ тізімге Диана ханшайым тәрізді баласын күтушінің тәрбиесіне беруден бас тартқан Кейт Миддлтон енді.

Тізімде Genetal Motors бас директор, әлемдегі ірі автомобиль компанияларының бірін басқарған бірінші әйел Мэри Барра және АҚШ ФРЖ төрайымы Джанет Йеллен де бар.

Сондай-ақ, үздіктер ондығына РФ Орталық банкінің жаңа басшысы Эльвира Набиуллина және Ресей президентінің бұрынғы әйелі Людмила Путина енген.