Лондон маңындағы Хитроу әуежайындағы термометр күндіз ауа температурасы 36,7 градусқа дейін көтерілгенін көрсетті. Бұл 2006 жылғы шілдедегі ыстықтан да асып кетті. Бұл күндері Англия дәрігерлері күндізгі 11:00 мен 15:00 аралығында күн астында көп жүрмеуге кеңес берді. 1 шілдеде Лондонда Рим мен Афинадан да ыстық болды. Алайда, Париж, Мадрид қалаларында одан да ыстық болды.
01:35, 02 Шілде 2015
Англия дәрігерлері аптап ыстықтан сақтандырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияда кешегі сәрсенбі күні метеобақылаудың жұмыс істеген уақытынан бері тұңғыш рет шілде айының ең ыстық күні тіркелді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.