Англия италиялықтар жеңіліс тапқан Италия - Коста-Рика матчынан кейін топтан шығу мүмкіндігінен айырылды.
«Әлем біріншілігінің топтық кезеңінде шығып қалу мені қатты түңілдіріп жіберді. Әр ойынға шықпас бұрын өз-өзімізге деген сеніміміз нық болатын. Өкінішке қарай, бұл сенім ақталмады. Чемпионатқа біз үшін келген, үйде отырып тамашалаған барлық жанкүйерлерімнен жақсы ойын көрсете алмағанымыз үшін кешірім сұраймын...», - деп жазды Руни фейсбукте.
Сейсенбі күні, Англия Коста-Рикамен қалған матчын ойнайды, содан кейін елдеріне қайтады.
Осы жолғы ойын ағылшындықтар үшін соңғы 56 жылда болмаған сәтсіздік әкелді, соңғы рет олар 1958 жылы топтан шыға алмай қалған.