Англия Словенияны ұтып, футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды
09:20, 24 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Кеше Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Англия құрамасы Словенияны ұтты, есеп 1:0.
Осылайша С тобында АҚШ-тан кейінгі екінші орынға табан тіреген ағылшындықтар әлем чемпионатының 1/8 финалы жолдамасына қол жеткізді.