Англияда әлемдегі ең алып ұшақ-дирижабль құлады
18:46, 24 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ұзын ұшу аппараты Airlander 10 Англияда сынақ ұшырылымы уақытында апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ-дирижабль телеграф бағанына ілініп қалды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Британдық Hybrid Air Vehicles компаниясы хабарлағандай, апат кезінде ешкім зардап шекпеді.
Airlander 10 алғашқы ұшырылымы өткен аптада сәтті өткен болатын.
Әуе кемесінің ұзындығы әлемдегі ең үлкен Ан-224 "Мрия" ұшағынан сегіз метрге ұзын.
Аппарат салмағы 20 тонна. Оны әзірлеушілер ұшақ алты шақырым биіктікке көтеріле алатынын, сағатына 148 шақырымға жылдамдығын үдете алатынын айтты.
Airlander ұшағын АҚШ үкіметі үшін барлау аппараты ретінде әзірленген, алайда жоба қорғаныс шығыстарының қысқаруы салдарынан тоқтатылған.