Англияда авиашоудағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны артуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиядағы авиашоу кезінде құлаған ұшақтан мерт болғандардың саны артуы мүмкін. Іздеу жұмыстары кезінде оқиға орнынан тағы да мәйіттер табылды, деп хабарлады полицияда.

Дәрігерлер ұшқыштың өмірі үшін күресті жалғастырып жатыр, ол ауруханада ауыр халде, деп хабарлады ВВС.

Ресми ақпарат бойынша 7 адам қаза тапты. Дәрігерлер жапа шеккен тағы 14 адамға көмек көрсетіп жатыр.

Еске сала кетейік бүгін авиошоу кезінде «Хокер Хантер» ұшағының ұшқышы тәсілін жүзеге асырып үлгермей, көліктерге құлады.