Оқиға жексенбі күні болды, «Фольксваген Гольф» маркілі көлігі үйдің қабырғасын бұзып, қонақтарға арналған бөлмеге кіріп кеткен, сосын өртене бастаған. Оқиғаның салдарынан көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы және үйдің иесі зардап шекті. Көлік үйдің қабырғасын бұзып кіргенде үй иесі конақтарға арналған бөлмеде диванда жатқан.
Зардап шеккен 4 азаматтың 3-уі ауыр жарақат алды, деп жазады Би-би-си. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.