Жарысқа қатысушылар ойлы-қырлы әрі сабан салынған қаптар қойылған кедергісі бар 380 метр қашықтықты 50 келіден кем емес әйелді көтеріп жүгіріп өтуі керек.
Жергілікті халық бұл жарыстың тарихын скандинавтардың «көрші ауылдың келіншектерін ұрлау» дәстүрімен байланыстырады. Жарыстың бас жүлдесі - мәреге жеткізілген келіншектің салмағымен тең бір бөшке сыра.
Доркинг жарысында 7 жыл бойы Лондонда тұратын америкалық жұп жеңіп шықты. Олар аталмыш қашықтықты 1 минут 40 секундта, яғни өткен жылғы көрсеткіштерінен 20 секунд жылдам жетті. Олар осы жарыстан Финляндияда өтетін әлем біріншілігіне дайындалуда.