Бірақ мұндай шараға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп отырған «жасылдар» сотқа дейін баратындарын мәлім етуде, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Бұған дейін Уэльсте борсықтарды атуға рұқсат берілген еді, бірақ Жоғарғы сот бұл шешімнің күшін тоқтатты.
Ірі қара малдың туберкулез ауруын жұқтыруы елдің ауыл шаруашылығына жылына 100 миллиондай фунттың (160 миллион доллар) шығынын әкелуде. Англияның оңтүстік-батысындағы фермерлік шаруашылықтар аурудың таралуын тоқтату үшін ондаған мың малды етке өткізуге мәжбүр болуда.
Еуропалық борсық (Meles Meles) еуропалық және британдық заңдармен қорғалатын аңдардың бірі болып табылады. Бірақ үкімет, белгілі бір жағдайларда, аңдарды жоюға санкция беруге құқылы.