Керридің айтуына қарағанда, ол жұмсақ ысқышты тонналап жейді. Бойжеткен «қалыпты» тағамды ұнатпайтын көрінеді. Мәселен ол жеміс-жидек иісі аңқыған сусабынды немесе жууға арналған сұйықтықтармен тамақтануды жөн көреді.
Корнулладағы 21 жастағы Керри Требилкок сирек кездесін ауруға шалдыққан. Тағамдық емес заттар қыздың тәбетін ашады екен. Ол жууыну немесе үй шаруасын атқару барсында химиялық заттарға «жерік» екендігін мәлім етті.
Керридің бұл ауруы адамның ішегінде пайда болатын құрттарға байланысты «анкилостомоз» деп аталады. Оның емдеу курстарынан өтіп жүргеніне 3 жыл болды.
Дегенмен дәрігерлер бұл аурудың ұзақ жылдарға жалғасуы мүмкін екендігін айтып, ешқандай қуанышты хабар айтуға асығар емес.