Бұған дейін болған наразылықтар кезінде 200 мыңға жуық науқас ем-домсыз қалғаны белгілі. Кәсіподақ ұйымының мүшелері үкіметтің ұсынған 5 пайыздық үстемеақысы мардымсыз деп мәлімдеді.
Ұлыбританияда кіші санаттағы дәрігер деп медициналық оқу орнын бітірген және 5 жылдан кейін дәрігер болуға талаптанып жүрген мамандарды айтады. Олар ұлттық денсаулық сақтау қызметінің шамамен 45 пайызын құрайды.
«Жалақымызды 35 пайызға көтеруді талап етеміз. Бір мезетте емес, кезең-кезеңімен өсірсін. Өйткені соңғы 15 жыл көлемінде табысымыз инфляцияға ілесе алмай келеді», - дейді Кәсіподақ ұйымының өкілі Суми Маниражан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір Англияда орман өрті өршіп тұр. Тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілер ереуілге шығуды жоспарлаған. Себебі - айлық аз. Қауіпті мамандық иелерінің жалақысы біздің валютамен шамамен 2 млн теңгені құрайды. Бұдан бөлек қысқартулар да көп, жұмыс қолы жетіспейді. Қазір үкімет пен кәсіподақ ұйымдары келіссөздер жүргізіп жатыр.