«Ауыр, бірақ айтарлықтай қауіп төндірмейтін жарақат алған үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған тағы 13 оқушыға оқиға орнында көмек көрсетілді», – делінген полиция хабарламасында.
Sky News телеарнасына куәгерлердің айтуынша, автобус теміржол көпірінің астына салынған туннельге соғылған. Соқтығысу салдарынан автобустың жоғары жағы жұлынып кеткен.