Сарапшылар бұл көрсеткішті Ұлыбританияға Шығыс Еуропадан келген көші-қон легімен түсіндіруде. Соңғы он жылда бұл мемлекеттердің Еуроодаққа енуінен кейін Британ аралдарына шамамен миллион мигрант келген.
Сұралғандардың 8 пайызға жуығы ағылшын тілі олар үшін негізгі тіл болмайтындығын мәлімдеді. Лондонда бұл көрсеткіш 22 пайызды құрады. шамамен 140 мың адам ағылшын тілін мүлдем білмейтіндіктерін айтты.