Англияда сотталғандарға берілетін кітап санына енгізілген шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия Әділет министрі Майкл Гоув сотталғандарға рұқсат етілетін кітаптар санына енгізілген шектеуді алып тастады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бұған дейін камераға 12 кітап қана кіргізуге рұқсат етілген. Енді жаңа ережеге сәйкес, сотталған адамның туысқандары қалағанынша кітапты алушының өзіне тура жолдай алады. Ереже 2015 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

Бұл ереже бойынша енді Англия мен Уэльсте темір тордың аржағында отырған 80 000-нан астам адам пайдалана алады. Бұл қадамның мақсаты сотталғандарды еңбекке бейімділігін арттыру.