Англияда тау сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық граф Бленкатра тауын сатылымға қойды.

Бұндай қадамға ол әкесінен қалған мұрагерлік құқықты сатып алу үшін барды. Сатылымға қойылған тау 400 жыл бұрын осы отбасының мақтанышы болатын. Тау биіктен көзге түсетін әдемі пейзажымен ерекшеленеді.

Сатылымға шыққан таудың қазіргі бағасы қымбат емес, бар-жоғы 2,12 млн. еуро, деп жазады шетелдік БАҚ.