Англияда төрт кашалот жағалауға шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Солтүстік теңіздің Англияның Ланкашир графтығы ауданындағы жағалауға төрт кашалот шығып қалды, деп хабарлады Би-би-си.

Британдық ғалымдар алып жануарлардың мүрдесін зерттеуде, өлген кашалоттардың жасын анықтау үшін біреуінің тісін жұлып алды.

Толқын шайып кетпес үшін өлі киттер топырақпен жабылды. Таяудағы бірнеше күндердің ішінде оларды жағалаудан алып кетпек.