Англиядағы алапат тасқын жолдарды шайып, бөгетті бұзып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англияның солтүстігінде тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр алапат су тасқынына соқтырды. Кей аудандарда көлік және теміржол қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды ВВС.

Әсіресе, Чешир графтығы қаттызардап шекті. Мұндағы кейбір елді мекендерде дүкендер мен мекемелер жабық,жоспарланған шаралар мен жазғы фестивальдар кейінге қалдырылды.

Кейбір жерлердеадамдар су басқан ғрмараттарда шыға да алмай қалды. Көбірек зардап шеккенаудандардың тұрғындарын өрт сөндірушілер эвакуациялап жатыр.

Елдің солтүстікбатысындағы толассыз жауған нөсер жаңбыр өткен жексенбіде және дүйсенбідебасталған еді. Ұлыбритания метерологиялық қызметінің деректеріне қарағанда, тексәрсенбіде түске дейін жауған жаңбыр мөлшері 19 миллиметрге жеткен.

Тасқын су УэйлиБридж қаласына жақын Дербишир графтығы аумағындағы Тоддбрук су қоймасың бөгетініңкейбір жерлерін бұзып кеткен. Полиция Бакстон мен Бейквелл қалалары арасындағыкүре жолдың учаскесін жауып, Бакстон тұрғындарына эвакуацияға дайын болудысұрады.