Англияның шығысында үш кит жағаға шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның шығысында жағаға үш кит шығып қалды. Жағадан тоғыз метрлік ұрғашы кит табылған. Осыдан соң Суффорк графтығындағы Феликстоу қаласының оңтүстігіне қарай орналасқан жағажай келушілер үшін жабылды.

Бұған оқиғаға дейін аталған Феликстоу  қаласына жақын орналасқан Ор өзенінің сағасында кішкентай теңбіл бауырлы кит табылған.

Эссекс графтығындағы Харвичтің жағалауында тағы бір өлі киттің табылғандығы анықталған. Жергілікті мамандардың пайымдауынша, табылған үш кит те бір топтан шыққан.

Олардың айтуынша, жергілікті жағажайларда өлі дельфиндер жиі кездеседі,  алайда киттердің жағаға шығып қалуы сирек кездесетін құбылыс.