«Мен биліктен кетуді, сөйтіп 2018 жылы саяси өмірімді аяқтауды ұйғардым», - деді 73 жастағы саясаткер елдің биліктегі партиясына жолдаған өз үндеуінде.
Душ Сантуш 1978 жылдың қыркүйегінен бері президенттік лауазымда. Ол бұдан бұрын өзінің саяси мансабын 2001 жылы аяқтауды мәлім еткен болатын. Бірақ кезекті рет қайта сайланып, билік басында қалған еді.
Еске сала кетсек, Ангола әлемде мұнайды экспортқа шығару көлемінен екінші орында. Ал мұнай бағасының құлдырауы бұл елдің экономикасына қатты әсер етті, деп хабарлайды Би-би-си.