Анголаның ОПЕК-тен шығатынын елдің Мұнай, газ және минералды ресурстар министрі Диамонтину Азеведу мәлімдеді.
«Бұл шешім ұйымға қатысудан «нәтиже болмағандықтан» және мұнай өндіру квоталары бойынша келіспеушіліктер туындауымен байланысты», -деді ол.
Шешім Ангола президенті Жоа Лоуренчо бастаған министрлер кеңесінің отырысында қабылданды.
Министрдің айтуынша, бұл елдің ОПЕК-тің өндіру квоталарымен келіспеуімен байланысты.
«Осы уақытқа дейін біз квотаның пайдасын көрген жоқпыз, егер біз ОПЕК-те қала беретін болсақ, өндіріс квотасын сақтау туралы шешімнің салдарынан зардап шегетін едік. Одан кейін Ангола өндірісті қысқартуға мәжбүр болатын еді», - деді Д.Азеведу.
«Біз ұйымдарға ақырын кіріп, үндемей шығып кету үшін мүше болмаймыз. Керісінше барынша белсенділік танытып, үлес қосқымыз келеді. Біздің әрекетіміз ешқандай нәтиже бермесе, онда біз ұйым үшін ештеңе істеп жатқан жоқпыз дегенді білдіреді», - деп келтіреді Jornal de Angola министрдің сөзін.