Аңызға айналған Oasis рок тобы 15 жылдан кейін қайта қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Аты аңызға айналған Oasis британдық рок-тобы негізін қалаушы екі ағайынды арасындағы 15 жылға созылған жанжалдан кейін қайта қосылды. Ноэль Галлахер мен оның ағасы Лиам келер жылы концерттік турға шығады деген қауесетті растады, деп хабарлайды BBC News.  

Фото: PA Media

Ноэль 2009 жылдың тамыз айында Париж маңындағы фестивальде Лиаммен төбелескеннен кейін топтан кетті. Содан бері олар жеке жобаларын жүзеге асырды, алайда ешқайсысы бірге жұмыс істеген кездегі атақ деңгейіне жете алмады.

«Зеңбіректер тынышталды. Жұлдыздар бір-біріне сәйкес келді. Үлкен күту аяқталды. Концерттерге келіңіздер. Олар теледидардан көрсетілмейді», - деп жазды Галлахерлер Oasis-тің Instagram парақшасында.

Ағайындылар татуласуға арнайы итермелеу болмағанын – «уақыт өте келе түсінгенін» қосып өтті. Олар әзірге жаңа музыка жазбақ емес. Концерт 2025 жылдың шілде және тамыз айларында өтетіні жарияланған. Ұлыбритания мен Ирландия туры Лондон, Манчестер, Кардифф, Эдинбург және Дублиндегі ареналарда өтеді.

Топ бұл Oasis-тің келесі жылы Еуропадағы жалғыз концерттері болатынын мәлімдеді. Бірақ олар «әлемдік тур» деп сипатталады, яғни сарапшылар басқа елдерде жаңа күндер мен орындардың жариялануын күтіп отыр.

Oasis коммерциялық жағынан ең табысты британдық рок-топтардың біріне айналды. Оның әлемдік альбом сатылымы 50 млн-нан асады.

1990 жылдардың ортасында Oasis британдық музыкадағы «бритпоп» деп аталған қозғалыстың жетекшісі болды.