Ресей АҚШ-тың Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қатысуына келіседі, деп мәлімдеді 12 қаңтарда, бейсенбі Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу. «АҚШ-ты қандай жағдайда болса, шақырту қажет, бұл жайында Ресеймен келістік», деп мәлім еткен Чавушоглу. Оның сөздерін AFP агенттігі жария етті.
Дамаскіде сириялық басшылық пен көтерілісшілер өкілдерінің азаматтық кикілжіңді саяси жолмен шешу туралы келіссөздері Астананда 23 қаңтарда өтуі тиіс. Ол Ресей, Түркия және Иран бастамасымен өтеді. Түркия сириялық көтерілісшілерге қолдау көрсете отырып құрд қарулы топтарына қарсы күрес жүргізеді. Ал, Ресей мен Иран президент Башар Асад жағында.