ВВС-дің жазуынша, қаржылық қылмыстарды, контрабанданы және ұйымдасқан қылмысты тергеу бойынша басқармалардың басшылары өз лауазымдарынан айырылды.
Жаппай жұмыстан босату кеше кешке басталған. Қызметінен кеткен тәртіп сақшыларының орнына негізінен басқа қалалардан іріктелінген 250 адам шақырылды.
Өткен жылдың желтоқсанында жемқорлық ісі бойынша даулы тергеуден кейін ел бойынша бірнеше жүздеген полицейлер қызметінен босатылды.
Сонымен қатар полиция операциясы барысында балалары ұсталған үш министр отставкаға кеткен болатын.
Сол кезде Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған бұл тергеуді өзінің үкіметіне қарсы «астыртын әрекет» деп мәлімдеген еді.