Отырысқа түріктің белді ақпарат агенттіктері, ірі медиахолдинг өкілдері қатысты. Мұнда қазақстандық тарап БАҚ өкілдеріне еліміздегі президенттік сайлау заңнамасы, науқаны мен үміткерлер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің мән-мағынасына тоқталды.
Кездесуде журналистер Қазақстандағы діни ахуал, Орталық Азиядағы ынтымақтастық үрдісі, Жібек жолы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы және екі ел арасындағы сауда-саттық мәселесі туралы сауалдар қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде ой бөлісті.