Анкарада қаза тапқан өрт сөндірушілердің сүйегіне ДНК сараптамасы жүргізіледі

Фото: AZƏRTAC

АСТАНА. KAZINFORM – Эскишехир провинциясында орман өрті кезінде қаза тапқан 10 адамның сүйегі ДНҚ сараптамасы үшін Анкараға жеткізілді, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Эскишехир провинциясының Сеитгази ауданындағы орман алқабында өртті сөндіру кезінде бес AKUT еріктісі мен орман шаруашылығының бес қызметкері от құрсауынан шыға алмай қалған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, қайғылы жағдай өрт бағытының күрт өзгеруінен кейін болған.

Қаза тапқандардың мәйіттері алдымен Афьонкарахисар провинциялық мемлекеттік ауруханасына жеткізіліп, кейін ел астанасы Анкараға жөнелтілді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындары да Анкараға келіп, денелерді тану және сәйкестендіру процесінің аяқталуын күтіп отыр.

Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунчтың мәлімдеуінше, Эскишехир мен Афьонкарахисар провинцияларының прокуратуралары он азаматтың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Сонымен қатар, Түркия Денсаулық сақтау министрлігі орман өрті аймағында зардап шеккен алты адамның жетеуі ауруханадан шыққанын хабарлады. Бір адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Айта кетелік Түркиядағы орман өртінен екі адам қаза тапқан еді