Форум аясында ынтымақтастық туралы шарттар мен бірқатар меморандумдарға қол қойылады.
Форумның басты мақсаты - түрік инвесторларын Қазақстан экономикасымен, инвестициялық ахуалмен таныстыру, инвестиция тартуға және екі елдік іскерлік ортасы арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсыну, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық болашағын талқылау үшін екі мемлекеттік кәсіпкерлері үшін алаң ұсыну.