Анкарада лаңкестікке қатысы болуы мүмкін 11 күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Анкара прокуратурасының Лаңкестікпен күрес басқармасы Түркия астанасында ДАИШ лаңкестік ұйымына (Қазақстанда тыйым салынған) қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген 11 адамның ұсталғанын хабарлады, деп жазды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.

Фото: АЗЕРТАДЖ

Агенттіктің хабарлауынша, прокуратура жалпы 12 адамның іздеуде жүргенін хабарлады, оның 11-ін жедел уәкілдер ұстады, бір адамды іздеу амалдары жалғасып отыр.

Осындай операциялар өткен аптада Түркияның төрт провинциясында жүргізілді. Хабарланғандай, 16 адам ұсталған, оның 10-ы ДАИШ лаңкестерімен байланысы бар деген айыппен сот шешімімен қамауға алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы Магдебург базарындағы лаңкестік әрекетті айыптағанын жазған едік.