Салтанатты жиында Анкараның «Сынав» колледжінің төртінші сынып оқушылары Қазақстанның әнұранын орындады.
«Бұл жобаны Түркиядағы Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлының ұсынысымен салтанатты қабылдауға арнайы әзірледік. Осылайша, Қазақстан мен Түркияның достастығын көрсеткіміз келді. Әрине, оңай болмады. Екі апта бойы түрік балаларына қазақша сөзді үйретіп, мақамын дұрыстадық. Олар әнұранның алдымен сөзін жаттады, содан кейін әнін үйренді», - дейді «Отау» ансамблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Эльмира Шендуран.
Еске сала кетсек , бұған дейін Түркияның әртүрлі қаласында тұратын 26 түрік азаматы Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі құрметіне қазақ байрағын желбіретіп, Қазақстанның әнұранын шырқаған еді.