Анкарада Түркия, Иордания және Сирия сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуі өтеді
2025 жылғы 12 мамырда Анкарада Түркия, Иордания және Сирияның сыртқы істер министрлері қатысатын үшжақты кездесу өтеді, деп хабарлады Анадолы.
Бұл туралы Түркия СІМ-дегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарланды.
Кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Иордания сыртқы істер министрі Айман әл-Сафади және Сирия сыртқы істер министрі Ассад Хасан Шейбани қатысады. Тараптар өңірлік оқиғалар мен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Хакан Фидан Түркияның Сирия үкіметінің елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын нақты білдіреді. Сонымен қатар, Израильдің өзге елдерге, соның ішінде Сирияға қатысты агрессивті әрекеттерін тоқтату қажеттігін атап көрсетіп, өңірлік ынтымақтастық пен жауапкершілік маңыздылығын айтады.
Фидан өңірде ешқандай лаңкестік ұйымға орын жоқ екенін, ал Түркияның бұл бағыттағы күреске толықтай бел байлағанын атап өтеді. Терроризм сияқты ортақ қауіптерге қарсы күрес «өңірлік мәселелерге өңірлік шешім» ұстанымы негізінде жүргізілуі тиіс екенін жеткізеді.
Министр Сирия мен көрші елдердің терроризмге қарсы ынтымақтастығы өңірлік қана емес, жаһандық қауіпсіздікке де үлес қосатынын айтады. Кездесу аясында Фидан иордандық және сириялық әріптестерімен жеке келіссөздер де өткізеді.
Айта кетелік Ердоған Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенін айтқан еді.