Анкарада Түркия мен Түрікменстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің басшысы Бегенч Гундогдыевпен кездесті, деп жазады Анадолы.

Фото: Анадолы

Анкарадағы Қорғаныс министрлігі ғимаратында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Екі елдің әнұраны шырқалды, содан кейін Түрікменстанның Қорғаныс министрі құрметті қарауыл сапын қарсы алды.

Келесі кезекте министрлер шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты кездесу өткізді.