Анкарадағы АҚШ елшілігіне қарулы ер адам кіруге әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия астанасындағы АҚШ Елшілігіне қарулы ер адам кіруге әрекеттенген.

Бұл туралы Daily Sabah хабарлады.

«Қаруы бар ер адам Анкарадағы АҚШ елшілігіне кіргісі келді, полиция оның жолын кесіп, қамауға алды», - делінген Twitter-дегі хабарламада.