Бұл туралы Би-Би-Си жазды.
8 маусым күні Түркия астанасындағы Кизилай алаңында өткен шеруге бір мыңға жуық адам қатысты.
Бір апта бұрын басталған үкіметке қарсы акциялар сондай-ақ, Ыстамбұлда және Түркияның өзге қалаларында өтуде.
Бұған дейін Түркия Үкіметінің басшысы Реджеп Тайып Эрдоған елде мерзімінен бұрын сайлау өтпейтіндігін мәлім етіп, шерулерді доғаруға үндеген болатын.
Түркияда көпшіліктің қатысуымен шерулер полиция Ыстамбұлда Гези саябағындағы құрылысқа қарсылық білдірушілерге күш көрсеткеннен кейін басталды.