Еске сала кетейік, жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен сағат 18.40-та (Астана уақытымен сағат: 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған.
Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар әзір мәлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» немесе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.