Анкарадағы лаңкестік әрекеттен кейін қалалық полицияның басшысы мен оның қарамағындағы үш қызметкер жұмыстан босатылды
15:57, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкара полициясының жоғары өкілетті үш қызметкері Түркия астанасында болған қос лаңкестік әрекеттерден кейін қызметтерінен босатылды, деп хабарлады сәрсенбі күні елдің ІІМ-не сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тар.
Мәселе Анкара провинциясы полициясының басшысы мен барлау және қоғамдық қауіпсіздік бөлімдерінің жетекшілері туралы болып отыр.
Анкарада 10 қазан күні қалалық вокзалдың қасында болған қос лаңкестік әрекет 97 адамның өмірін қиып әкетті, тағы жүздеген адам жарақаттанды.
Түркияда бұл жарылыстарға «Ислам мемлекеті» тобының мүшелері қатысы бар деп есептейді.